Almaty Arena кешенінде Димаш Құдайберген Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерімен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Алматыда «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын «D and Dears» атты фан-кездесу өтіп жатыр. Онда Димаштың жанкүйерлері өнерпазға тікелей сұрақ қойып, оның шығармашылығына арналған шоуды тамашалады.
Сондай-ақ ерекше кеште Сәкен Майғазиев, Sadraddin, Kesh You тобы, Ақбота-Нұр, Ернар Амандық, Дастан Оразбеков және өзге де қазақстандық әншілер өнер көрсетіп жатыр.
Ұйымдастырушылар мәліметіне сәйкес, фан-кездесуге 8 мыңға жуық адам жиналған.