Чилидің оңтүстігінде торнадо соғып, 250 ғимаратты қиратты.
Сондай-ақ 4 жарым мыңнан астам үй жарықсыз қалған. Желдің екпіні сағатына 187 шақырымға жетті. Бәрінен де Пуэрто-Варас қаласы қатты зардап шеккен. Абырой болғанда, құрбан жоқ. Бірақ 13 адам жараланды. Билік табиғи апат аймағына қосымша құтқарушылар жіберді.