Ғасыр соңына қарай аптап ыстық күндердің саны екі айға ұзаруы мүмкін. Бұл жер беті одан бетер қыза түседі деген сөз.

World Weather Attribution халықаралық климатологтар тобының жаңа зерттеуі осылай дейді. Қатты ыстықтың зардабын мұхит маңында тұратын елдер тартуы мүмкін. Мәселен, Панамада жылына 149 қосымша аптап күн тіркеледі деген болжам бар. Ал АҚШ, Қытай және Үндістанда 23-30 күн қосылады. Бұл елдер көмірқышқыл газының 42%-ын шығарады. Ғалымдар әлем елдері шығарындыларды азайтуды қолға алмаса, алдағы жылдары аптап толқындары бұрынғыдан әлдеқайда күшті әрі жиі болады деп ескертеді.