Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Кенесары көшесінің Ә.Сембинова көшесінен Е.Брусиловский көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 27-29 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген мәліметте.