Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның Конституциялық соттары ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді, деп хабарлайды 24KZ. Сеулде өткен кездесуді екі мемлекеттік органның төрағалары Эльвира Әзімова мен Ким Сан Хван өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы атап өткендей, бұл меморандум кореялық әріптестердің көпжылдық тәжірибесін үйренуге мүмкіндік береді. Әсіресе Корея Конституциялық соты жанындағы ғылыми-зерттеу институтының жұмысы ерекше қызықтырды.
Эльвира Әзімова, ҚР Конституциялық сотының төрағасы:
- Корея Конституциялық сотының тәжірибесінде саяси партияларға, олардың тіркелуі мен таратылуына, сайлау заңнамасына қатысты істерді қарау тәжірибесі бар. Бізде әзірге мұндай істер болған жоқ. Дегенмен көптеген сарапшы атап өткендей, Конституциялық соттың әлеуеті осындай күрделі істерде айқындалады. Себебі олар Конституция талаптары мен қағидаттарына сәйкестік тұрғысынан қаралуы тиіс. Сондықтан біз үшін әріптестеріміздің оң тәжірибелерін игеру маңызды.