Атырау сотында алдын ала сөз байласу арқылы 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты үкім шықты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Сот 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Олар өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін прокурор ең жоғарғы жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget