Еуропалық Одақ сириялықтарға босқын мәртебесін беруге қатысты жаңа нұсқаулық жариялады. Одақ Сириядағы жағдайды тұрақты деп бағалап, Дамаскті қауіпсіз қала ретінде таныды. Соған қарамастан бірқатар топ бұрынғыдай толық қорғауға алынған. Олардың қатарында азшылық өкілдері мен Сириядағы БҰҰ-ның қолдауынан айырылған палестиналық босқындар бар. Соңғы шешімді әр мемлекет өз бетінше қабылдайды.
Сирияда 2011 жылы азаматтық соғыс басталғалы бері шамамен 23 миллион адам өз үйін тастап кеткен. Ал қазір Еуропада босқын мәртебесіне сұраныс айтарлықтай азайды. Былтыр қазанда 16 мың адам баспана сұраған болса, биыл қыркүйекте 3,5 мың өтініш түскен.