Абай облысы Бестерек ауылындағы жол апатына қатысты алғашқы сот отырысы өтті.

Прокурордың мәліметінше, балаларды қаққан жүргізуші 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрған. Соған қарамастан көлік жүргізген. Жол апатынан 2 бала оқиға орнында мерт болса, біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмған еді. Ал 9 жасар Айзере 38 күн бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатып, ақыры тілге келмей, ол да қайтыс болды. Оқиға болатын күні балалар үйдің жанында ойнап жүрген. «Тайота» көлігін тізгіндеген 55 жастағы азамат рулге ие бола алмай, 6 баланы қағып кеткен еді. Жәбірленуші тарап жүргізушіге кешірім бермейтінін айтып, қатаң жаза сұрады. Одан бөлек, әр отбасыға 30 млн теңгеден өтемақы талап етті. Сот процесі әлі де жалғасады.