Әлеуметтік желілерде Гуанчжоу-Алматы бағытындағы рейсте бір жолаушы көз жұмғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушыларының бірі рейстегі қайғылы жағдай туралы жазды.

"11 желтоқсанда Гуанчжоу-Алматы рейсінде 64 жастағы әйел көз жұмды. Ол онкологияның төртінші сатысына шалдыққан. Туыстарына көңіл айтамын. Әр рейсте алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігер болуы қажет", — деп жазылған жазбада.

Көліктегі полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Бұл дерекке қатысты Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала өлім себебі — созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — деді департамент өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget