БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру қажет.
Президент осындай ұсыныс айтты. Себебі, жаһандық су дипломатиясын дамыту үшін мемлекеттер арасында ықпалдастық болуы шарт. Ал БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы құрылым жоқ. Сондықтан UN-Water ведомствоаралық тетігін халықаралық ұйымның толыққанды агенттігіне немесе ұйымына айналдыру оңтайлы шешім, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Келер жылы сәуірде Астанада Аймақтық экологиялық саммит өтеді. Сол кезде Қазақстан жаһандық су ұйымын құру туралы халықаралық консультация процесін бастауға ниетті. Мемлекет басшысының ортақ саяси ерік-жігердің арқасында суға қатысты түйткілдер жүйелі түрде шешіле бастайтынына сенімі кәміл.