Өскеменде мектеп оқушылары төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерге машықтана бастады, деп хабарлайды 24KZ. Құтқарушылар балаларға суға батып кеткен адамды құтқару тәсілдерін іс жүзінде көрсетті. Жасанды дем беру, жүрекке массаж жасау сынды өмірлік маңызды дағдылар жан-жақты түсіндірілді.

Арнайы оқу-жаттығу барысында оқушылар альпинизмнің қыр-сырымен де танысты. Құтқару құралдарын пайдалану, биік нысандарға көтерілу сияқты тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Әсіресе өрт сөндіру көлігіндегі арнайы сатымен балаларды 10 метр биіктікке көтеріп, құтқарушылардың жауапты да қатерге толы жұмысы көзбе-көз көрсетілді. Шараны ұйымдастырған ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бұл оқыту арқылы жасөспірімдердің төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етіп, көмекке мұқтаж жандарға алғашқы жәрдем көрсете алуын көздеп отыр.

Ақмаржан Нұрболқызы, оқушы:

- Бұл жерде өрт сөндіру заттарымен үстіге көтерілуі, бәрі өте қызықты болып жатыр. Маған бұл жер қатты ұнады деп айта аламын.

Мадина Сейітқамза, Өскемен қалалық өрт бақылау басқармасының аға инженері:

- Балаларға өрт жағдайында, қандай да оқыс жағдайларда қалай өзін ұстау керек, қандай дұрыс іс-қимылдарды, әрекеттерді қабылдау керек, сол жайында оқу-жаттығуларды жасап жатырмыз.