АҚШ әскери-теңіз флотын ауқымды түрде жаңартуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа үлгідегі әскери кемелер салынады. Олар дыбыстан жылдам қару, лазерлік жүйе, жасанды интеллект және түрлі зымыранмен жабдықталмақ. Алғашқы 2 кеменің құрылысы шамамен екі жарым жылға созылуы мүмкін. Билік жоба елдің әскери қуатын күшейтумен бірге кеме жасау саласын қолдауға да бағытталған дейді.