Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 145 мың грант бөлінді.
Оның 70 пайызы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. Биыл осы мамандықты игерген 1156 түлек елдің жетекші кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 9-сынып бітірушілерінің 100 пайызы ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Жатақхана тапшылығы да шешіліп келеді. Студенттерді жатын орынмен қамту деңгейі – 89%. Биыл жыл соңына дейін тағы 8 жатақхана пайдалануға беріледі. Мектептерде кәсіби бағдар беруші институтының ролі күшейтілді. Биыл кәсіби бағдар жұмысына 2,4 млн оқушы тартылды. Бүгінде 1000 бейіндік сынып ашылды.