Ол ұзақ уақыт бойы перзенттерін ұрып-соққан.


Сот барысында экс-енесі балалардың анасына кешірім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

Солай бола тұра, балаларға қатыгездік көрсеткендіктен заң оны жауапкершіліктен босатпайды. Сот отырысында қорлау фактілерін дәлелдейтін видеоматериалдар ұсынылған. Сондай-ақ, туған балаларынан да жауап алынған.

Іс материалдарына сай, анасы балаларын отқа қатты қызған заттармен күйдірген және өміріне қауіп төндіретін басқа да іс-әрекеттерге барған. Айыпталушы сот залында зорлық-зомбылық фактілерін растады.

– Тергеу кезінде берген жауабыңызды растайсыз ба? Ашуға бой алдырып, шанышқыны газға қыздырып, Махмұдтың аузын күйдіргеніңіз көрсетілген. Мұны растайсыз ба?

– Иә, растаймын.

– Махмұдтың темекі шеккенін көрген соң үтікті қыздырып, оның беті, бөксесі мен ішін күйдіргеніңізді айтқансыз. Мұны растайсыз ба?

– Растаймын.

Жаза кеткен жөн, туған балаларына қатыгездік жасалған әйел туралы ақпарат биыл жыл басында тарады. Қазіргі уақытта балалар мемлекет қамқорлығына алынды. Олардың өмірі мен қауіпсіздігіне енді ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ.