Дәстүрлі сайыста 170 студент бақ сынады, деп хабарлайды 24kz.

Олардың жұмысын 60-қа тарта сарапшы бағалады. Үздік атанған 52 қатысушы республикалық чемипонатқа жолдама алды. Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары студенттерінің біліктілігін арттырып, жұмысшы мамандықты насихаттайтын жарыс оныншы рет өткізілді.

Орынгүл Нысанбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Биылғы жылы бізде 2 құзыреттілік қосылды. Мұнай саласы бойынша бұл Жылыой ауданындағы мұнай компаниясының базасында өтті. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сән үлгісіндегі құзыреттілік бойынша өтті. Бұған Атырау сервис колледжінің студенттері қатысты. Сонымен қатар 44 құзыреттілік бойынша әр балалар өздерінің жұмыстарын көрсетіп, бақ сынасып, әртүрлі тапсырмалар бойынша бақ сынасты.