Министрдің айтуынша, 2025 жылы қазақстандық әуе тасымалдаушылары 15 миллион жолаушы тасымалдаған. Ал биылғы алғашқы төрт айдың өзінде жолаушылар саны 4 миллионнан асты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сонымен қатар, өткен жылы ел әуежайлары арқылы 32 миллион жолаушыға қызмет көрсетіліп, 173 мың тонна жүк өңделген. Биылғы қаңтар–сәуір айларында жүк тасымалы көлемі азайғанымен, жолаушылар саны өткен жылғы деңгейде сақталған.
“Бұған Таяу Шығыстағы жағдай әсер етті” — деді Нұрлан Сауранбаев.
Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтық авиация саласын дамытуға қажетті негізгі институционалдық база толық қалыптасқан.
Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов халықаралық бағыттар бойынша Қазақстаннан тікелей рейстер санын арттыруды тапсырған болатын.