Бұл оқиға биылғы мундиал алдындағы үлкен сенсацияларының бірі саналды.
Осылайша, Бразилия футболдан Әлем чемпионатына қатысатын құрамын жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бас бапкері Карло Анчелотти 26 футболшыдан тұратын ресми тізімге кілең сайдың тасындай іріктелген футболшыларды қосты. Ең бастысы, жанкүйерлер көптен күткен аңыз шабуылшы Неймар құрамаға қайта оралды. Ол енді мансабындағы төртінші әлем чемпионатында бақ сынайды.
Жаза кеткен жөн, Неймар ұлттық құрама сапында соңғы рет 2023 жылы қазанда доп тепті. Содан бері ауыр жарақаттар жиі мазалады, ұзақ үзілістен соң "Сантос" шабуылшысының дүбірлі додаға шақырту алуы әлемдік футболсүйер қауым үшін қуанышты жаңалыққа айналды.
Бразилия ұлттық құрамасының толық құрамы:
Қақпашылар: Алиссон Беккер ("Ливерпуль"), Эдерсон ("Фенербахче"), Вевертон ("Гремио").
Қорғаушылар: Алекс Сандро ("Фламенго"), Глейсон Бремер ("Ювентус"), Данило ("Фламенго"), Дуглас Сантос ("Зенит"), Габриэль Магальяйнс ("Арсенал"), Рожер Ибаньез ("Аль-Ахли"), Лео Перейра ("Фламенго"), Маркиньос ("ПСЖ"), Уэсли ("Рома").
Жартылай қорғаушылар: Каземиро ("Манчестер Юнайтед"), Бруну Гимарайнс ("Ньюкасл"), Фабиньо ("Аль-Иттихад"), Лукас Пакета ("Фламенго"), Данило Сантос ("Ботафого").
Шабуылшылар: Эндрик ("Лион"), Габриэль Мартинелли ("Арсенал"), Игор Тиаго ("Брентфорд"), Луис Энрике ("Зенит"), Матеус Кунья ("Манчестер Юнайтед"), Неймар ("Сантос"), Рафинья ("Барселона"), Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид"), Раян ("Борнмут").