Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта жарыссөз басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сот тергеуі аяқталды. Енді сот жарыссөзге көшеді", – деді судья Ержан Жанұзақов.

Жарыссөз мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайдың сөзінен басталды. Прокурор қайғылы оқиғаның қалай болғанын тағы бір егжей-тегжейлі айтуда.

Сот отырысы ашық форматта, қазақ тілінде өтіп, істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Ержан Құрақбаев пен Дана Сәрсенбай. Ауыр қылмыс жасады деп Талғар ауданының тоғыз тұрғыны айыпталды.

Сот отырысы жалғасып жатыр.