Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
«Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін», делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.
Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсті.