Павлодар облысы аумағындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйлеріне 8 автокөлік табысталды. Шағын автобустар жазғы демалыс мерзіміне орайластырылып берілді. Себебі алдағы күндері жеткіншектер демалыс лагерьлеріне аттанады. Биыл білім басқармасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды түгелдей жазғы демалу орындарына жібермек. Ал оқу озаттары мен спортта жетістікке жеткен мықтыларға өзге облыстардағы лагерьлерге екі рет жолдама беріледі.

Айжан Шамғалиева, отбасы үлгісіндегі Кенжекөл балалар үйінің басшысы:

Біз жыл сайын демалыс лагерьлеріне барамыз. Сол кезде ескі көлік біраз қолайсыздық тудыратын. Мына көліктер дер уақытында беріліп отыр. Оның үстіне Кенжекөл ауылы мен біздің балалар үйінің арасы үш шақырым. 55 баланы мектепке тасымалдау үшін күніне бес рет қатынау керек. Сондықтан өте қуаныштымыз! Автобусты көрген балалар тіпті қуанады.

Болат Аманбаев