БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бүгін Газа секторында атысты шұғыл тоқтатуды талап ету бойынша қарарды талқылап, дауысқа салады, деп хабарлайды 24kz.

«Рейтер» агенттігі осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, құжат соғысты шұғыл әрі біржолата тоқтатуды көздейді. Сондай-ақ аймақта тұтқында отырған барлық адамды бостандыққа жіберу жайын қамтиды. Жоба жетекшілері өңірге гуманитарлық көмек жеткізуге тыйымды жоюды да талап етіп отыр. Газа секторында қақтығыс басталғалы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 14 қарарды талқылап, дауыс берді. Бірақ олардың тек төртеуі қабылданған.