Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Сол орайда талапкерлер мен ата-аналар назарына Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан филиалдар картасы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Ата-аналар мен түлектер өз өңірі немесе қызығушылық танытқан ЖОО-ның орналасуын қарап, келешек мамандығы бойынша білім бағытын жоспарлай алады.
Сала министрлігі Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші академиялық хабқа айналдыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Бүгінде 39 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік орнатылған. Қазақстанда Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция, Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді.