Талдықорғанда «Табиғаттан экосыйлықтар» атты экологиялық акция өтті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған игі шараға 20-дан аса адам қатысты. Дені жастар. Олар қаланың орталығын күл қоқыстан тазартып, гүл тұқымдары салынған «экоконвертті» тұрғындарға тарту етті. «Бұл әдеттегі тазалық жұмыстары емес, табиғатты аялау мен сақтауға деген ортақ жауапкершілікті сезіну», — дейді ұйымдастырушылар.

Ақерке Қызайбаева, Қазақстан студенттер альянсының облыстық филиалының төрайымы:

Біз бүгінгі «Таза Қазақстан» акциясы аясында 40 қорапшадағы тұқымды таратқан болатынбыз. Бұл бізде қала тұрғындарын экомәдениетке баулуға және қоршаған ортаға деген махаббатын қалыптастыруға үйретеді.

Люда Старцева, Талдықорған тұрғыны:

Гүл көшеттерін егемін. Гүл дегеніміз адамға әдемілік, қуаныш сыйлайды. Біз экологиялық мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Менің ойымша, әр үйдің ауласында гүл болуы керек.

Дамир Нұрмұхамет