Елде тағы 5 ядролық медицина орталығы ашылады, деп хабарлайды 24kz.

Оның үшеуі биыл Ақтау, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында, қалған екеуі келер жылы Қарағанды мен Өскеменде қолданысқа беріледі. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасы айтты. Жобалар жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылмақ. Қазір елде қатерлі ісікке шалдыққан 236 мың адам ем алып жатыр. Статистика бойынша жыл сайын мұндай науқастардың қатары 5-6%-ке көбейіп барады. Ал өлім-жітім деңгейі кейінгі 10 жыл ішінде 33%-ке төмендеп отыр.

Ербол Бекмұхамбетов, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасы:

- Бүгінгі таңда елімізде 14 ПЭТ, КТ аппараты және 4 циклотронды-өндірістік кешені бар 10 ядролық медицина орталығы, 7 ОФЭКТ аппараты жұмыс істейді. Алдағы жылдары жеке инвестициялар есебінен тағы бесеуін ашу, сондай-ақ тағы бір ОФЭКТ аппаратымен жабдықтау жоспарланып отыр. Осылайша, ПЭТ зерттеулерімен қамту 100%-ке дейін, ОФЭКТ зерттеулерімен қамту 60%-ке дейін жеткізіледі.