Sport Time бағдарламасы Ақмола облысы Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығында. Міне, бірнеше апта болды, Ұлттық құрамадағы нөмірі бірінші боксшылар кешенді әзірлікке кірісті. Өйткені алда Әлем кубогы бар, Әлем чемпионаты бар, соған енді тыңғылықты дайындалу керек. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жаттығудың барысын көріп келдік, енді соны өз көзімізбен көру үшін және сіздерге көрсету үшін арнайы табан тіреп тұрмыз. Қазір эксклюзивті кадрлар жинаймыз және эксклюзивті сұхбаттар жинап барлығын-барлығын сіздерге ұсынбақпыз.