Өзбекстанда ақ түйенің қарны жарылды. Ел құрамасы тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды. Азия аймақтық іріктеу кезеңінің 10-турында Қатарды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, топтағы көшбасшы атанды. Өзбекстан Президенті әрі Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Шавкат Мирзиёев тарихи нәтижеге қол жеткізген футболшылар мен бапкерлеріне бір-бір көліктен мінгізді.
Сондай-ақ Президент Жарлығы бойынша, іріктеу кезеңінде ерлік көрсеткен футболшылар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Нақтырақ айтқанда, «Өзбекстан мақтанышы» құрметті атағы да берілді. Бұрынғы бас бапкер словениялық Сречко Катанец пен өзге де шетелдік мамандар «Достық» орденімен марапатталды. Құрама сапындағы физио-терапевтер, аудармашылар және медиа бөлімінің қызметкерлері де мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Асылбек Данияр