Алматыда жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды. Жер телімдері «Международная ассоциация клубов» ЖШС-іне заңсыз түрде жеке меншікке берілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс.
2025 жылдың 12 маусымында Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.