Иран Израильдің әуе шабуылын соғыс жариялау деп атап, БҰҰ-ның шұғыл отырысын өткізуді талап етті. Бірер сағат бұрын Ислам Республикасы жауап ретінде еврей мемлекетінің аумағына 100 шақты дрон жіберді. Израиль әскерилерінің дерегінше, пилотсыз аппараттардың көбі құлатылған. Бұл елде төтенше жағдай жарияланып, Тель-Авив әуежайы жабылды. Бен-Гурион әуеайлағынан жолаушылар ұшақтары эвакуацияланды. Ал ауруханалар қосымша орын әзірлеп жатыр. Жергілікті халық болса, дүкендерге жүгіріп, керек-жарағын тезірек алуға жанталасты.

Эффи Дефрин, Израиль армиясының өкілі:

Соңғы бірнеше сағатта Иран өз территориясынан Израиль аумағына жүзден астам дрон жіберді. Барлық қорғаныс жүйелеріміз бұл қауіпке қарсы тұруге әзір. Адам өмірін сақтау үшін мұндай шақта қолбасшылықтың нұсқауларына құлақ асқан жөн. Бұл – бұрынғыдан өзгерек жағдай. Алда әлі ауыр сағаттар тұр. Бекем әрі төзімді болайық.

Айта кетсек, өткен түні Израиль Иранға әуеден соққы берді. Осылайша Тель-Авив Тегеранның ядролық нысандарын жою операциясын жүргізген. Бірақ Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израильдің шабуылдарынан Тегеранда ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындар мен балалар қаза тапты. Сонымен қатар мерт болғандардың ішінде Ислам революциясының сақшылар корпусының қолбасшысы Хоссейн Салам да бар. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл операцияға Вашингтонның қатыспағанын мәлімдеп отыр.

Арай Төлегенқызы