Иран Израиль жеріне басып кірмек болғаннан кейін Тель-Авив шабуыл бастауға мәжбүр болды. Израильдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Дани Данон еврей әскерінің Иранға қарсы әскери операциясын осылай деп түсіндірді.
Оның айтуынша, қарулы операция Тегераннан төнген қауіп сейілмейінше жалғасады. Сондай-ақ Израиль шетелдегі елшіліктерін жапты. Еврей билігі дипломатиялық қызметкерлерін сақтық шараларын мейлінше сақтауға, қоғамдық орындарда еврейлердің нышандарын тақпауға шақырды. Израильдің Иранға шабуылынан 78 адам қаза тапты. Олардың қатарында Ислам Республикасының 20 әскери шенді командирі бар. Тағы 300-ден аса адам жараланды. Иран бірден қарымта шабуылға көшіп, Израильге қарай жүздеген дрон ұшырды. Бірақ еврей армиясы оларды қағып түсірді.