Алматыда "Арыстан" базары сүріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақсай-4 шағынауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріліп жатыр.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеріс барысында "Арыстан" базарының бір бөлігі ешқандай рұқсатсыз тұрғызылғаны анықталған. "Фирма Тигрохауд" ЖШС-ға әкімшілік шаралар қабылданды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар аумағын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді. 2024 жылғы 1 наурызда сот базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget