Солтүстік Қазақстан облысында «Сөз зергері – Сәбит» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына арналған шара жазушының туған өлкесі – Жамбыл ауданы Пресновка ауылында өтті. Айтыста 10-нан астам ақын бақ сынасты. Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Жарқын Жұпархан бас жүлдені иеленді. 1-ші орынға қарағандылық Мақсат Ақанов пен қызылордалық Мұхтар Ниязов лайық деп танылды. Екінші орынды Ұлытау облысының атынан сынға түскен Өміржан Көпбосын иеленді. Ал үшінші орынды Абай облысының атынан өнер көрскеткен Әсем Ережеқызы, ақтөбелік Жұлдыз Қожабекова мен түркістандық Дәурен Ақсақалов қазылар алқасының шешімімен 3-орынға лайық деп танылды.
Эльмира Кәленова