Германия Иранды келіссөз жүргізуге шақырды, деп хабарлайды 24kz.
Елдің Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефульдің сөзінше, ең алдымен Тегеран ядролық қару жасауға мүдделі емес екенін сөзбен емес, нақты дәйекпен дәлелдеуге тиіс. Сондай-ақ Израильдің Иранға қатысты алаңдаушылығы бекер емес. Тель-Авив өз-өзін қорғауға құқылы екенін атап өтті.
Йоханн Вадефуль, Германия сыртқы істер министрі:
- Мен Франция және Ұлыбританиядағы әріптестеріммен бірге Иранның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлестік. Алайда Иран шұғыл әрекет етуі керек. Олар ядролық қару жасауға ұмтылмайтынын нақты іспен дәлелдеуі тиіс.