Елде ешқандай нақты затпен расталмаған, яғни қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңдастыру қолға алынуда. Осы мақсатта криптовалюта айырбастау пунктерінің операторларына лицензия беру ұсынылды. Цифрлық даму министрлігінің ақпарынша, криптобанкоматтар орнатып, криптокарталар енгізу де жоспарланған. Бұл қадамдар цифрлық активтерді қауіпсіз айналымға енгізіп, олардың қолданылуын толық бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар елде цифрлық майнинг қарқынды дамып келеді. Мамандар бұл қызметтің электр энергиясына айтарлықтай зиян келтірмейтінін ескертті. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастамалар көлеңкелі нарықты азайтып, қаржылық ашықтықты қамтамасыз етіп, цифрлық экономиканың дамуына серпін береді.

Аңсар Амрин, ЦДИАӨМ цифрлық активтер индустриясын дамыту басқармасының бас сарапшысы:

Майнинг электр энергиясына жүктеме түсірмейді. Өйткені түнгі уақытта электр энергиясын тұтыну аз болғандықтан, оларды цифрлық майнерлерге беріледі. Сол себепті біз балансты сақтап тұрамыз.

Динара Жарқынбек