Қазақстан «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті . Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев растады.

Президент «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франкоф Яскевичті қабылдап, ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Мемлекет басшысы жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген халықаралық платформаның маңызы зор екеніне назар аударды. Заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді. Ал Эльжбета Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.