Қостанай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында төрт білім ошағы пайдалануға беріліп, тағы екеуінің құрылысы биыл аяқталмақ, деп хабарлайды 24kz.
Болашаққа негізделген мектептерде 4500 оқушы білім алады. Сондай жаңа оқу ордасының бірі Заречный ауылында ашылды. Үш қабатты ғимарат соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақталған. Балалардың танымдық қабілетін дамыту үшін робототехника кабинеттері мен компьютерлік сыныптар, STEM-лабораториялар жұмыс істейді.
Зүлфия Досанова, ата-ана:
- Менің екі балам осы «Келешек мектебінде» оқиды. Осы мектеп ашылғалы біздің қуанышымызда шек жоқ. Заречный ауылының барлық тұрғындары атынан айтсам да болады. Өйткені бұл мектеп жаңа технологияларға сай. Жайлы, кең, әр бұрышы балалардың сапалы білім алуына, тәрбие алуына мүмкіндік жасалған.