Еуропадағы танымал Ибица аралында туристер көбейіп, үй қымбаттап кетті .
Жергілікті тұрғындар пәтер жалдап тұруға көршілес аралдарға көшуге мәжбүр. Мәселен, жалдамалы пәтерлердің бағасы айына бір жарым мың еуроға жетеді. Бұл теңгемен 900 мыңдай.
Тұрғындардың айтуына қарағанда, туризм тек тұрғын үй саласына ғана емес, коммуналдық және көлік қызметтеріне де кері әсерін тигізген. Былтыр Ибицаға 3 миллионнан астам турист барды. Бұл Испаниядағы Канар аралдарынан кейінгі танымал туристік аймақ. Туризмнің арқасында 200 000 жұмыс орны ашылған. Жыл сайынғы кіріс көлемі 16 миллиард еуродай болады.