Ал Қазақстанда «Таза Қазақстан» акциясы үздіксіз жалғасып келеді. Бүгін «Таза бейсенбі» акциясы Шымкент қаласындағы Шымсити шағын ауданында өтті. Жиналғандар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартып, шөптерді орды. Жалпы, жыл басынан бері Шымкентте өткізілген осындай экологиялық сенбіліктерге 2 мыңнан аса адам атсалысқан. Нәтижесінде 17 тоннадан аса тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды.

Ғани Қалмаханов