Грекияда аптап ыстық. Метеорологтардың дерегінше, ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілген. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарға сыртқа шықпауға, алкогольден бас тартуға, суды көбірек ішуге, қозғалысты шектеуге кеңес беріп отыр. Ал медициналық көмекті қажет етуі мүмкін адамдар үшін жедел желі іске қосылды. Бұған қоса, таңғы сағат тоғыздан түскі екіге дейін құрылыс жұмыстары мен тапсырыс жеткізу қызметі тоқтатылды. Ал өрт сөндіру бригадаларына өрт қаупіне дайын болу ескертілген. Айта кетсек, бейсенбі күні ел астанасы Афинаның оңтүстігінде жасыл желектерді от шарпып, бірнеше үй жанып кетті.

Арыстан Рысбек