Маңғыстау ауылының маңында Ravon маркалы жеңіл көлік, автобус және тағы төрт автокөлікпен соқтығысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, апатқа Toyota Sienna жүргізушісі себеп болған. Ол полицейлерден қашып бара жатып жол апатына ұшыраған.
Lada.kz порталының мәліметінше, жол апатынан алты адам зардап шекті. Барлығы облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.
Дәрігерлердің жедел тексеруінен кейін төрт адам амбулаториялық емге жіберілді, ал екеуі хирургия және нейрохирургия бөлімдеріне жатқызылған.
"1995 жылы туған науқастың бас сүйегі, төменгі жақ сүйегі, жамбасы, асықты жілігі және оң аяғының бірнеше сүйегі сынғаны анықталды. Ал 1975 жылы туған екінші науқастың кеуде қуысы жарақаттанып, оң жақ қабырғалары мен иық сүйегінің жабық сынуы, сондай-ақ басқа да жарақаттары бар", – деп мәлімдеді облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!