Орталық Калифорнияда бірнеше рет жер сілкінді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері 2,1-ден 4,5-ке дейінгі магнитудада болған.
Ең күшті екі сілкініс Вайсейлия қаласынан (халқы шамамен 130 мың адам) 162 шақырым солтүстік-шығысқа қарай және Бишоп қаласынан (шамамен 3 800 адам) 44 шақырым шығысқа қарай жерде тіркелген.
Сонымен қатар, Салинас қаласынан (халқы — 157 мың адам) 16 шақырым солтүстік-солтүстік-шығысқа, Прундейлден (17 500 адам) 10 шақырым шығыс-солтүстік-шығысқа қарай, Сан-Хосе қаласынан (1 026 мың адам) 77 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай және Салинастан 15 шақырым шығыс-солтүстік-шығысқа қарай да дүмпулер болған.
Бұдан бөлек, Кловис қаласынан (халқы — 104 мың адам) 99 шақырым солтүстік-шығысқа, Маммот-Лейкс қаласынан (7 900 адам) 26 шақырым оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай да жер сілкінісі тіркелген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!