Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері судағы екі адамға көмектесті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есіл ауданы Үлкен Тараңғұл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ қызметкерлері аударылған гидроциклді және суда тұрған екі адамды байқап қалған.

"Қызметкерлер гидроциклді бастапқы қалпына келтіріп, адамдарды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", — деп жазылған хабарламада.

ТЖМ өкілдері құтқару жилеті өмірді сақтайтын құрал екенін еске салды.

"Өзіңізді қорғаңыз, қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз!" — деді құтқарушылар.

Еске салайық, бұған дейін Сайран көлінде екі адам суға батып кеткені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget