Түркістан облысында аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен Жер ресурстарын басқару Департаментінің басшысы ұсталды . Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің мәліметінше, шенеунік 1 млн теңгені жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін сұраған. Қомақты ақшаны Түркістан қаласының тұрғынынан алған. Департамент басшысы сот санкциясымен қамалды.

Айнұр Әбілқасымқызы