Биыл Алмалы ауданында жалпы ұзындығы 5,8 шақырым болатын 11 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде үлкен магистралды көшелер — Байзақов, Тілендиев пен Төле би көшесі де бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдегеніндей, Төле би көшесіндегі (550 м) жұмыстар аяқталып, Байзақов көшесінде (1,5 км) жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, 120 мекенжайда жөндеу жүргізіліп, жаңбыр суын қабылдағыш 540 құрылғы орнатылып, 325 люк көтерілген, 3,3 шақырым жол жиегі мен 10,2 шақырым болатын техникалық жолақ салыныпты.

Желтоқсан мен Райымбек көшесінде BRT жолағын салу жұмыстары да осымен қатарласып жүргізіліп жатыр. Бұларды қоғамдық көлік жылдам қатынауы үшін қолға алып отыр.