Ұлттық музей қоры жаңа жәдігерлермен толықты.

Жыл басынан бері мұражай мамандары 4 жерде қазба жұмысын жүргізіп, 500-ге жуық тарихи зат тапқан.

Бүгін ұлттық мұражайдың құрылғанына 11 жыл.

Аң стиліндегі айырықша бұл бұйымдар ерте темір дәуіріне тиесілі. Бұған дейін жеке жанның қолында болған. Артефкатілер заңсыз иемденген активтерді қайтару кезінде анықталып, бірнеше апта бұрын бас қаладағы Ұлттық музейдің қорына табысталды. Бұдан бөлек биыл мұражай мұрасы 500 астам жәдігермен толықты.

Руслан Дуванбеков, ҚР Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері:

- Маңғыстау облысы бойынша, Жамбыл облысы, Түркістан облыс бойынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экспедиция өткізіледі және мынау Көкшетау, Ақмола облысында экспедиция жүріп жатыр. Осындай экспедиция көптігіне байланысты біздің музейіміздің қоры одан әрі толықтырылуы осыған байланысты болып тұр.

Қазір музей қорында 220 мыңнан астам жәдігер бар. Оны жылына 600 мыңнан аса адам тамашалайды. Алда келушілердің қатары артуы мүмкін. Себебі залдар қайта жасақталып, қор қатары артты. Айтайық, бүгін бас музейдің құрылғанына 11 жыл толды.

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

- Ұлттық музейдің тарихына келсек, бұл 1990 жылы ашылған Алтын музейдің негізінде және 1923 жылы құрылған Ақмола облыстық өлкетану музейі және осы Астананың галереяның негізінде құрылған музей. Жыл барысында Құдайға шүкір 600 мыңға жуық адам келеді. Бұл да бір жақсы көрсеткіш. Оның ішінде шетел қонақтары бар.

Бас-аяғы бізде 294 музей бар. Онда 3,6 млн тарихи мұра сақтаулы тұр. Жыл санап жәдігерлердің қатары артып келеді. Айтайық, былтыр музейлер қоры 57 мың экспонатпен толықты.

Музей – 294

Тарихи жәдігер – 3 697 762

2024 жылы – 57 220 жәдігермен толықты

Шернияз Жалғасбекұлы, Мерей Талап