Алик Айдарбаев "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС бас директоры болып тағайындалды. Бұл ақпаратты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алик Серікұлы Айдарбаев 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысы Александровка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1985 жылы "Жетібаймұнайда" оператор, технолог, содан кейін мұнай және газ өндіру бойынша шебер лауазымдарында бастаған.

Әр жылдары Айдарбаев "Оңтүстікқазмұнайгаз" МАҚ, "Құмкөл-ЛУКОЙЛ", "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-да басшылық лауазымдарды иеленді. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап 2013 жылға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ бас директоры болды.

2013 жылы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылы ол инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр, ал 2018 жылы "Самұрық-Қазына" қоры төрағасының орынбасары болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget