Еуропалық одақ АҚШ тауарларына қарымта салық салғалы жатыр .
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, шектеу құны жыл сайын 116 миллиард еуроға жетуі мүмкін. Брюссель тарифтердің 2 нұсқасын дайындаған. Біріншісі бойынша кейбір ауыл шаруашылығы өнімдері мен мотоциклге салық салынады. Еуроодақ әзірге Вашингтонның еуропалық болат, алюминий мен автокөліктерге 10 пайыздық тарифті алып тастауын күтіп тұр. Екінші сценарийге сәйкес, "Боинг" ұшақтарына, автокөліктер мен вискиге шектеу көбейеді.