Алматыда 500-ден астам адам жалған баспана бағдарламасына сеніп, 50 миллион теңгеден айырылды. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, «Uili Bolayik» қаржы пирамидасы — әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде қызмет еткен. Қатысушыларға «мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады» деп уәде берген. Салымшыларға салған қаражаты үшін 15-30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус берілетіні айтылған. Алайда, жиналған ақша алаяқтардың жеке шоттарына аударылып келген. Сот шешімімен қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды. Күдіктінің банк шоттары бұғатталып, елден шығуына тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған, ал «Uili Bolayik» қайырымдылық қорының есепшоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қозғалыссыз қалған. Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден астам қаражат жиналған.

Динара Жарқынбек