Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелеріне қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды 24kz.

Бұдай былай жұмыссыз жүргендер де тегін емделе алады. Олар үшін жарна жергілікті бюджеттердің есебінен төленеді. Негізгі жаңашылдықтардың бірі – бірыңғай базалық пакеттің енгізілуі. Жедел және шұғыл жәрдеммен қатар тізімге әлеуметтік мәні бар аурулар, скринингтің жеке түрлері және паллиативтік көмек кіреді. Медицинаны қаржыландыру саласында есеп беру және ашықтықты қамтамасыз етудің жаңа тетіктері пайда болады.