"Қазгидромет" 20 шілде, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның көп өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Маңғыстау облысында күндіз қатты ыстық күтіледі – 38-40 градус. Өрт шығу қаупі өте жоғары. Ақтау қаласында да дәл осындай жағдай сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қонаев қаласында күндізгі ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел түнде таулы асуларда, күндіз облыстың солтүстігі, батысы мен таулы аймақтарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді. Оңтүстікте – 42 градустық аптап. Өрт қаупі өте жоғары.
Шымкентте де солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары күйінде қалады.
Түркістан қаласында да осындай жағдай – шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының орталығы, оңтүстігі мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, оңтүстікте екпіні 25 м/с. Қызылорда қаласында жел 15-20 м/с, ара-тұра шаңды дауыл болуы мүмкін.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыс желі соғады. Таңертең және күндіз облыстың шығысы мен орталығында жел екпіні 15-20 м/с. Орталық, оңтүстік және шығыс бөліктерінде өрт қаупі өте жоғары, солтүстікте – жоғары. Жезқазғанда да жел 15 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең – жаңбыр, найзағай, шквал; күндіз – бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-25 м/с дейін. Өрт қаупі – батыс, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жоғары деңгейде. Өскеменде түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Абай облысында түнде найзағай мен шквал болады, күндіз – бұршақ. Жел – 15-28 м/с дейін. Оңтүстікте 35 градус ыстық. Өрт қаупі жоғары. Семейде түнде найзағай, жел екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында – солтүстік-шығыс жел, 15-20 м/с дейін. Солтүстік пен шығыста – өрт қаупі жоғары, батыс пен оңтүстікте – өте жоғары.
Ақмола облысында түнде және таңертең – тұман. Өрт қаупі батыс, оңтүстік пен орталықта жоғары.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, жел – 15-23 м/с дейін. Таразда да жел күшейіп, өрт қаупі өте жоғары болады.
Атырау облысында – 35-39 градусқа дейін ыстық, әсіресе Атырау қаласында 37-39 градусқа дейін жетеді. Өрт қаупі – өте жоғары.
Қостанай облысында түнде және таңертең тұман болады. Өрт қаупі – оңтүстік-батыста өте жоғары, оңтүстік-шығыста – жоғары.
Ақтөбе облысында күндіз 35-36 градусқа дейін ыстық. Орталық пен оңтүстікте – өрт қаупі өте жоғары, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста – жоғары.
Павлодар облысында жел 15-20 м/с. Оңтүстік пен шығыста – өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Петропавлда жел 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-37 градусқа дейін ыстық. Өрт қаупі – батыста өте жоғары, солтүстік, шығыс және орталықта – жоғары.
Жетісу облысында күндіз 35-36 градус ыстық, жел 15-20 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда да осындай жағдай күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!