Семейде құмды дауыл соқты. Қала тұрғындары табиғаттың тосын құбылысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Abai News Telegram-арнасының хабарлауынша, құмды дауылдың видеоларын "Энергетик" және "Қарағайлы" шағынаудандарының тұрғындары жолдаған.

Кадрлардан көкке көтерілген шаң мен құм салдарынан қала көшелері қараңғылана бастағаны көрінеді. Ағаштардың майысқанынан желдің күші байқалады.

Еске салайық, дәл осы сағаттарда құтқарушылар Жетісу облысындағы Алакөл ауданына қарасты Көкмойын атты таулы аймақтағы өртпен күресіп жатқан еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget